Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыдағы өрт: қаза тапқан қызметкерлердің төрт баласы сот шешімін күтуде

Атырау облысы Жылыой ауданында «Ниет» жанармай құю бекетінде болған қайғылы өртке байланысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. 

Аталған оқиға ерлі-зайыптылардың өмірін қиып, төрт баланы ата-анасыз қалдырған еді. Еске салайық, ірі өрт 2025 жылғы 30 мамырда болған. Құлсары қаласында орналасқан жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан станция қызметкерлері — кассир М.Сарбасова мен жүргізуші Б.Ибетов қаза тапты. Қайғылы жағдайдан кейін төрт бала ата-ана қамқорлығынсыз қалды, олардың арасында кәмелетке толмағандары да бар. 

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмдардың туыстары мен аудан тұрғындары кінәлілерді жауапқа тартуды және істің әділ тергелуін бірнеше рет талап етті.

Іс бойынша тергеу амалдары шамамен бір жылға созылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Жылыой аудандық сотында қаралып жатыр. Қаза тапқандардың жақындарының айтуынша, сот процесі аяқталуға жақын. 

Марқұмдардың туыстары сот әділ шешім шығарып, кінәлілер заң аясында қатаң жаза алады деп үміттенеді. 

Төрт баланы жетім қалдырған бұл қайғылы оқиға өңір тұрғындарының алаңдаушылығын әлі де тудырып отыр. Қоғам сот процесінің барысын жіті бақылап, соңғы шешімді күтуде.