Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыдағы банкет залында не боп жатыр?

Құлсарыда банкет залының шатырында өрт шықты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

2026 жылғы 1 сәуір күні шамамен сағат 11:30-да Атырау облысы Жылыой ауданы, Құлсары қаласында банкет залдарының бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың шатырынан 200 м² аумақта өрт шыққанын анықтады. Ғимараттың жалпы аумағы 1000 м² құрайды.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт сағат 12:29-да толық сөндірілді. Сонымен қатар, жалынның ғимараттың басқа бөліктеріне таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Жылыой аудандық өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері, 4 техника бірлігі жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі — ғимарат шатыры астындағы шайырдың қызуы болған.