Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Химпоселокта не өртенген?

Атырауда Химпосёлок шағынауданындағы моншалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бүгін, 22 мамыр күні Атыраудағы Химпосёлок шағынауданында орналасқан моншалардың бірінде өрт болды. Өрт туралы хабар төтенше жағдайлар қызметінің пультіне сағат 09:28-де түскен.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына алғаш жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың шатыры ашық жалынға оранғанын анықтаған.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД күштері мен «Семсер өрт сөндіруші» кәсіби өртке қарсы қызметі жедел түрде жұмылдырылды. Жалпы өртті ауыздықтауға 9 техника мен 48 қызметкер тартылған.

Өрт сағат 10:27-де оқшауланып, 11:18-де толықтай сөндірілді.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің маңайдағы тұрғын үйге таралуының алдын алу мүмкін болды. Аталған үйге де қауіп төнген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Фото: ru.freepik.com