18 наурыз күні сағат 03:06-да Атырауда Ардагер шағын ауданындағы сауна кешенінде өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Құтқарушылар ғимарат шатырының бір бөлігінің жанғанын анықтады. Ғимараттың жалпы аумағы – 720 шаршы метр.
Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сағат 04:04-те оқшауланып, 04:24-те толықтай сөндірілді. Өрттің ғимараттың басқа бөліктеріне таралуына жол берілмеді.
Оқиға салдарынан бір қабатты бөліктің 240 шаршы метр шатыр жабыны жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 50 қызметкері мен 9 техникасы, АТМА-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, сондай-ақ «Семсер ӨртСөндіруші» ЖШС-нің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.