Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жиһаз цехының қоймасындағы өрт сөндірілді

Атырау қаласының Геолог шағынауданындағы Жаналы көшесінде жиһаз цехына тиесілі бір қабатты қойма ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері келген кезде ғимараттың ішінде ашық жалын байқалған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндіру жұмыстары төрт учаскеде ұйымдастырылды.

Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнына ТЖМ-нің шамамен 40 қызметкері мен 8 арнайы техникасы, сондай-ақ «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС қызметкерлері жұмылдырылды.

ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.