Атырау облысында күйеуі әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
2026 жылғы 16 наурызда шамамен сағат 03:30-да полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оны 62 жастағы күйеуі өлтірген.
Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.
Фото: ru.freepik.com