3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қызметтік міндеттерін атқару барысында полиция қызметкерлері құқыққа қайшы әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Алкогольдік мас күйдегі бір топ азамат полиция қызметкерлеріне агрессивті түрде қарсылық көрсетіп, күш қолданған. Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталып, қамауға алынды.
Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Полиция қызметкерлеріне қысым көрсету, заңды талаптарына бағынбау және күш қолданудың кез келген фактісі бойынша заң аясында қатаң жауапкершілік көзделген. Заң талаптары барша азаматтар үшін бірдей" делінген ПД хабарламасында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ