Атырауда полицейге пышақпен шабуыл жасаған әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау соты 2025 жылдың қазан айында күйеуін ұстау кезінде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған әйелге үкім шығарды.
Оқиға Вокзал маңы шағын ауданында болған: учаскелік полицейлер көршілердің шақыруымен подъезден мас күйдегі ер адамды шығару үшін келген. Оның әйелі де алкогольдік масаң күйде болып, алдымен бір полицейді жұдырықпен ұрған, кейін күйеуін ұстап, сыртқа алып шықпақ болған кезде екінші қызметкердің иығына пышақ сұққан.
Екі полиция қызметкері де жеңіл дене жарақатын алған.
Сот әйелдің төрт баласы бар екенін, оның екеуі кәмелетке толмағанын ескеріп, жазаны өтеуді бес жылға кейінге қалдырды. Сонымен қатар оған маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде ем қабылдау тағайындалды.
Бұған дейін әйелдің үлкен ұлы анасын көру үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен, алайда кейін табылған. Оның оқиғаға қатысты «балама нұсқадағы» видеоүндеуі ресми түрде расталған жоқ.
Фото: ru.freepik.com