Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда полицейлер кәмелетке толмаған қыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

2 маусым күні таңғы сағат 05:30 шамасында «102» арнасына қала тұрғынынан жол бойында жалғыз жүрген кәмелетке толмаған қыз бала туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті. Жасөспірім қауіпсіз жерге жеткізіліп, оның жеке басын анықтау және заңды өкілдерін іздестіру жұмыстары басталды. Нәтижесінде қыздың ата-анасы табылып, бала аман-есен отбасына тапсырылды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырудың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу, оларды қараусыз қалдырмау және үнемі бақылауда ұстау қажеттігін еске салды.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.