Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысқан ба?

Атырау маңындағы теміржол өткелінде тепловоз Volkswagen көлігімен соқтығысты — зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

17 наурызға қараған түні, шамамен сағат 00:20-да Атырау–Дамба тас жолындағы жанармай құю бекетінің маңындағы теміржол өткелінде тепловоз бен Volkswagen Passat автокөлігі соқтығысты. Көлікті 2000 жылы туған азамат басқарған.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті материалдар жиналуда.