Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда оқушыны жаяу жүргіншілер жолынан қағып кетті...

6 сәуір сағат 07:45 шамасында Атырау қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағу фактісі орын алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1974 ж.т. жүргізуші  басқаруындағы Toyota Hiace автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2018 ж.т. жасөспірімді қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. 

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады. Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ