Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда ойына келгенін жасаған жүргізушінің ісін енді сот қарамақ

Атырауда 39 жастағы тұрғын мас күйде мопед басқарған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Атырау қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізуде. 6 қазан күні рейд барысында 1987 жылы туған ер адамның ZR200 маркалы мопедті алкогольдік ішімдік ішкен күйде басқарғаны анықталды. Сонымен қатар, оның көлік құралын басқару құқығы болмаған.

Сол күні көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Ford және Mercedes маркалы автокөліктерді басқарған екі жүргізуші де анықталды.

 Аталған деректер бойынша жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Мопед пен автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді көлік құралын мас күйде басқармауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігі талаптарын орындауға шақырады.

Аман ШАМАР

Image