Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда медициналық емес мақсатта есірткі заттарын қолданған

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтКнің 440-1-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну) және 434-бабының 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша құқық бұзушы К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Сотпен анықталғандай, 2026 жылғы 8 наурызда азамат К. Атырау қаласы, Азаттық даңғылында ұсталып, тексеру барысында оның медициналық емес мақсатта есірткі заттарын, атап айтқанда «PVP» (альфа пирролидинопентиофенон), «ТРМ» (метаболиты тропикамида) қолданғаны анықталған.

 

 

Сондай-ақ, К., әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, Атырау облыстық ауруханасында былапыт сөйлеп, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

 

 

К.-нің әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, сауал қою хаттамаларымен, медициналық куәландыру қорытындысымен және бейнежазбалармен толық дәлелденді.

 

 

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 440-1-бабының 1-бөлігімен, 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы ескеріле отырып, оған әкімшілік жаза ретінде 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

 

Сот қаулылары заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com