Атырау облысында №15 мекеменің аумағына дрон арқылы тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады AtyrauTODAY тілшісі.
Оқиға 8 қыркүйекке қараған түні сағат 01:15 шамасында болған. Мекеме қызметкерлері колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым жерде дрон арқылы белгісіз орамаларды жеткізу әрекетін анықтаған.
Тексеру барысында картонға оралып, мөлдір скотчпен қапталған үш түйіншек табылды. Олардың ішінен үш ұялы телефон тәркіленді.
Оқиға орнына Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде.
Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.