Атыраулық тұрғын итті күрекпен аяусыз ұрып-соққан — қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
31 наурыз күні полицияға жануарға қатыгездік көрсету фактісі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында 39 жастағы әйел анықталып, оның итті күрекпен аяусыз ұрып-соққаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері келген кезде ол қарсылық көрсетіп, заңды талаптарды орындамаған. Осы әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жануарға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ит тәркіленіп, оған қажетті ветеринарлық көмек көрсетілді.
Полиция ескертеді: жануарларға қатыгездік көрсету — қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет, мұндай жағдайлардың барлығы қатаң құқықтық бағасын алады.