Тоғызыншы сынып оқушысының мектептегі қызға қалай шабуыл жасағаны және күзеттен қалай өткені белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauToday тілшісі.
Мектеп оқушысына шабуыл жасаған тоғызыншы сынып оқушысына қатысты оқиғаның жаңа мәліметтері белгілі болды. Әкімшіліктің мәліметінше, оқушы бірінші ауысымда оқиды, алайда оқиға болған күні мектепке екінші ауысымда келген. Күзет бекетінде ол көзілдірігін ұмытып кеткенін айтып, ішке кіруге рұқсат сұраған. Жасөспірім мектеп формасында болғандықтан, күзет қызметкерлерінде күмән туындамай, оны ішке кіргізген.
Оқу орнының директоры мұндай жағдайлардың сирек емес екенін түсіндірді: бірінші ауысымда оқитын оқушылар екінші ауысымда да мектепке келіп, кітапханаға барады, үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады.
Сонымен қатар, ол мектеп ережелерін сақтау мәселесінде қиындықтар жиі туындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, ата-аналар көбіне балаларын жақтап, мектеп талаптарына әрдайым құлақ аса бермейді.
Фото: ru.freepik.com