Оқиға Нұрсая шағынауданында болған. Бейнебақылау камералары бес жасөспірімнің қатарластарын қоршап алып, ұрып-соға бастағанын түсіріп алған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Оқиғаны сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам тоқтатқан. Ол жанжалға араласып, төбелесті тоқтатқан.
Атырау облысының полиция департаменті оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта:
- кәмелетке толмағандардан заңды өкілдерінің қатысуымен түсініктеме алынуда;
- кінәлілерді жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр;
- барлық құқық бұзушылар ішкі істер органдарында профилактикалық есепке қойылып, полицияның бақылауына алынады.
Фото: ru.freepik.com