Сәрсемалиев үш адамды өлтіру ісі бойынша кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында Сұлтан Сәрсемалиев Мейрамгүл Қарабалина, Нәсіп Өтешқалиева және Мақсот Қарабалиннің өліміне қатысты айыптар бойынша кінәсін толық мойындады.
Іс материалдарына сәйкес, аталған қылмыстар отбасылық жанжал аясында орын алған және жәбірленушілерге бірнеше рет пышақ жарақатын салумен қатар жүрген.
Ал Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты эпизод бойынша сотталушының ұстанымы өзгеше. Оның айтуынша, бұл әрекет қасақана жасалмаған және марқұмның өзі түрткі болған жанжал кезінде болған. Сарсемалиев өзін-өзі қорғау жағдайында әрекет еткенін алға тартуда.
Сот процесі жалғасып жатыр. Қазіргі таңда іс бойынша барлық мән-жайлар мен тараптардың айғақтары зерттелуде.
