Атырау облысында Қызылқоға ауданынан жеткізілген алты айлық сәби облыстық аурухананың кіреберісінде қайтыс болды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, нәресте медициналық мекемеге жеткізілген сәтте дәл кіреберісте жан тапсырған. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің қатысуымен өткен Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында белгілі болды.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
– Бір жасқа дейінгі балалардың өлімі міндетті түрде сот-медициналық сараптамаға жіберіледі. Қорытынды алынғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады, – деді басқарма басшысы Қайсар Абдалиев.
Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.