Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысындағы жаңа жолды қайтадан құм басты

Атырау облысында Миялы мен Тайсойған арасындағы жаңа жолды қайтадан құм басты. Ұзындығы 45,8 шақырым болатын автожолдың құрылысы 2023 жылы басталған. Жобаның құны – 14,7 млрд теңге, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жаңа жол аудан орталығына жету уақытын 2–3 сағаттан 40 минутқа дейін қысқартуы тиіс болған.

Алайда жол Тайсойған құмдарының арасымен өтеді. Қатты желдің салдарынан бархан құмы тағы да жолдың үстіне шығып, көлік қозғалысына кедергі келтіріп отыр.

Осыдан бір айға жетер-жетпес уақыт бұрын облыстық жол басқармасының тапсырмасымен мердігер – «АссанаДорстрой» ЖШС жолды құмнан тазартқан болатын. Енді құм басу мәселесі қайта қайталанды.

Осыған байланысты заңды сұрақ туындайды: жолды жобалау кезінде құм көшкінінен және құм басудан қорғайтын шаралар қарастырылды ма?

Егер мұндай табиғи жағдай алдын ала белгілі болса, жол құрылысы кезінде құмнан қорғау инженерлік шешімдері неге жеткілікті деңгейде ескерілмеген? Жолдың қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін бұл мәселеге нақты жауап қажет.