Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау-Құлсары тасжолында не боп жатыр?

Атырауда полицейлер жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

12 сәуір күні Атырау облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Мақат ауданынан іссапардан қайтып келе жатқан сәтте Атырау–Құлсары тасжолы бойында жолдан шығып кеткен Shacman жүк көлігін байқайды.

Оқиға орнына дереу тоқтаған полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің есінен танып қалғанын анықтап, жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кейін жедел жәрдем қызметі шақыртылып, 43 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оқыс оқиғаның алдын алынды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ