Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау–Астрахань тасжолында жүргізуші 180 км/сағ жылдамдықпен жүрген...

Атырау–Астрахань автожолында полиция қызметкерлері жылдамдығын сағатына 180 шақырымға дейін жеткізген Toyota Alphard көлігінің жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Көлік тоқтатылып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануды ескертеді. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.