Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау-Астрахан тасжолында не болған?

5 сәуір күні Атырау-Астрахань тасжолында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

5 сәуір күні шамамен сағат 16:00-де Атырау–Астрахань автожолының 843-шақырымында Toyota Prado және Toyota Camry көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ