13 шілде күні Атырау – Ақтөбе бағытындағы №691/692 жолаушылар пойызында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмған ер адам пойызда билетсіз жүрген. Теміржол компаниясының хабарлауынша, оны вагонға жолсерік отырғызған.
Жол барысында жолаушының жағдайы кенеттен нашарлап, кейін ол қайтыс болған.
Компанияның мәліметінше, вагондағы кондиционер жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеген.
Пойыз Ақтөбе станциясына келгеннен кейін марқұмның денесі қажетті процессуалдық шараларды жүргізу үшін уәкілетті органдарға тапсырылды.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі жолсерік пен пойыз бастығы жұмыстан шығарылды.
