Атырауда Tour de Saraishyq 2026 велошеруі өтеді. Осыған байланысты сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Шектеулер:
— Атырау қаласындағы бірқатар көшелерге;
— Атырау–Орал автожолының жекелеген учаскелеріне;
— Махамбет ауданындағы көпірге қатысты болады.
Велошеру қатысушылары Сұлтан Бейбарыс алаңынан жолға шығып, Сарайшық қалашығында мәреге жетеді.
Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрайды.