Астана қаласында Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған «ТЕАТР ALL» IV халықаралық театр фестивалі өтті. Өнер додасында Атырау Жастар театрының өкілдері екі бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Театр актрисасы Гүлдана Көшербаева «Қаралы сұлу» хорео-драмасындағы Қарагөз бейнесін шебер сомдағаны үшін Хадиша Бөкеева атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

Сондай-ақ режиссер Дина Жұмабай «Той» спектаклі үшін «Үздік режиссер» номинациясын иеленді. Бұл жетістіктер театр ұжымының табанды еңбегі мен үздіксіз шығармашылық ізденісінің нәтижесі саналады.
– Халықаралық фестивальде екі бірдей жүлдеге ие болу – театрымыз үшін үлкен мәртебе. Бұл жеңістің артында бүкіл ұжымның еңбегі, ізденісі және өнерге деген адалдығы тұр. Гүлдана Көшербаева мен Дина Жұмабайды лайықты марапаттарымен құттықтаймын. Алдағы уақытта да көрерменге ой салатын сапалы қойылымдар ұсынып, Атыраудың театр өнерін жаңа биіктерге көтеруге күш саламыз, - деді Атырау Жастар театрының басшысы Әміржан Нұрланұлы.


