Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жылыойда екі мәдениет үйі салынып жатыр

Жылыой ауданының Қосшағыл және Ақкиізтоғай ауылдарында әрқайсысы 200 орынға арналған мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жаңа нысандарда тұрғындардың мәдени іс-шаралар өткізуіне, шығармашылық үйірмелермен айналысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасалады. Мәдениет үйлері «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы аясында Атырау облысы Құрылыс басқармасының тапсырысымен салынуда. Құрылыс жұмыстарын «Орлан» және «ABC Limited» ЖШС жүргізіп жатыр.

Нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ