Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Тасқын кезінде атыраулықтарға көмектескен Дағыстан тұрғындарын еске алды

БҚО-дан келген волонтёрлер Дағыстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

«Жайық Жұлдызы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Чудобаев Талгат волонтёрлік және қайырымдылық саласындағы команданың жұмысы туралы айтып берді. Жылдар бойы ол Солтүстік Кавказға бірнеше рет барған, әсіресе Дағыстанға жасалған сапарлар маңызды болған. Онда «Чистое Сердце» қорының командасы көмек көрсетуді ұйымдастырудың тиімді үлгілерін көрсеткен.

Атыраудағы су тасқыны кезеңін еске алған Талгат дағыстандық әріптестердің бірлігі мен қолдауын ерекше атап өтті. Қазір Дағыстан тұрғындары су тасқынынан зардап шегіп жатқанда, оның командасы да шет қалмауды жөн көрді.

Акция аясында 3 тонна су, сондай-ақ етік, күрек, құтқару кеудешелері және суды сорып алуға арналған помпалар жіберілді. Көмек көрсетуге «Батыс Су Арнасы» компаниясының бас директоры Ануар Бөкенұлы қатысып, суды тегін ұсынды, ал «Газель» көлігімен тасымалдау шығындарын дағыстандық кәсіпкерлер өз мойнына алды.