Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Тақиялы періште» кейіпкерлері референдумға келгендерді таңғалдырды

Атыраудағы #92 референдум учаскесіне келген тұрғындарды күтпеген тосынсый қарсы алды.

Қазақ комедиясының шедеврі «Тақиялы періште» фильмінің кейіпкерлері Тайлақ пен Алтыншаш дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс берушілердің назарын аударып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Бұдан бөлек, күндіз Жастар театрының бір топ ұжымы ұлттық киіммен Бином мектебінде орналасқан учаскеге келіп, өз таңдауларын жасады. Қатысушылар дауыс беруден шыққан кезде сүйікті кейіпкерлермен суретке түсіп, сәтті естелікке айналдырды.

Театр жастары әрқашан қоғам алдындағы міндетін орындауға дайын екенін жеткізді.