Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Тайсойғанда – жаңа әкім

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Тайсойған ауылдық округі тұрғындары үшін маңызды саяси науқан – округ әкімін сайлауы өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Елдік мүддені бәрінен биік қойған ауыл халқы №154 сайлау учаскесіне (Ғ.Сланов атындағы орта мектеп) белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Сайлау қорытындысы бойынша көпшіліктің басым дауысын жинаған Бекешов Нұрлан Мұратұлы халық сеніміне ие болып, Қызылқоға ауданы аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Тайсойған ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Салтанатты рәсім барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов жаңа сайланған әкімге қызметтік куәлігін табыстады. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали сөз сөйлеп, Нұрлан Мұратұлын жауапты лауазымымен құттықтады. Ол әкімдік өкілеттікті ресми түрде тапсырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін абыройлы қызметте табыс тіледі.

Сондай-ақ, іс-шара барысында осыған дейін округ әкімі қызметін атқарған Төреш Қозбақовқа аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, оның ел игілігі жолындағы еңбегі жоғары бағаланды.

Бекешов Нұрлан Мұратұлы 1967 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары - 1993 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының Еңбек экономикасы және социология мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995–1996 жылдары Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінде экономист болып бастаған.

2005–2007 жж. аудан әкімдігі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі,

2007 ж. аудан әкімдігі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі,

2007–2010 жж. аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы,

2012 ж. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі,

2012–2018 жж. Миялы селолық округінің әкімі,

2018 ж. аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Атырау облысы бойынша Еңбек мобильдігі орталығы Қызылқоға ауданы мансап орталығы филиалының директоры болып еңбек етті.