Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Шаңырақ күнінде сәбилі болған атыраулық аналар құрметке бөленді (+ВИДЕО)

 

 

Наурызнама онкүндігі аясында бүгін, 17 наурыз – ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, отбасы шаттығын еселейтін ерекше күн – Шаңырақ күні. Осы айтулы күні шыр етіп дүниеге келген сәбилер талай шаңыраққа қуаныш сыйлады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

 

Мерекелік сәтке орай облыстық перинаталдық орталыққа Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров арнайы барып, бүгін бөбектерін аман-есен бауырына басқан жас аналарды құттықтады.

 

 

– Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен, сондай-ақ сәбилерге жарық өмір сыйлаған аналарды Наурызнама онкүндігі аясында өтетін 17 наурыз – Шаңырақ күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шаңырақ - қазақ халқы үшін береке мен бірліктің, ұрпақ жалғастығының қасиетті белгісі. Осындай шуақты мерекеде дүниеге келген сәбилер – әр отбасының, әр шаңырақтың көзқуанышы, үлкен байлығы. Кішкентай перзенттер – тек қана бір отбасының ғана емес, қазақ елінің, қоғамның үлкен қуанышы деп атап өткім келеді. Сәбилеріміз аман-есен ержетіп, қазақ еліне, ұлтына, дініне қызмет жасайтын үлкен азаматтар боп өсе берсін! Мерейімізді асырған әсерлі сәтте баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Әр анаға қалалық әкімдік атынан қазақ елінің демографиясын көтеруге қосқан үлестеріңіз үшін, еліміздің жарқын болашағын тәрбиелеуде жасап жатқан әр қадамдарыңыз үшін зор алғыс білдіреміз! - деп ақ тілегін арнаған Ердос Ғаниұлы аяулы аналарға гүл шоқтары мен сый-сияпат ұсынды. Сонымен қатар, өнерпаздар әсерлі ән әуелетіп, шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Айта кетейік, Атырау облысында жыл сайын 13-14 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, оның 50-55 пайызы облыстық перинаталдық орталықта өмір есігін ашады.

ВИДЕО ОСЫНДА...