Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Гаджиевтер отбасы референдумда үйден дауыс берді

Бүгін – еліміз үшін аса маңызды саяси науқан – республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды шарадан Атырау қаласында тұратын Гаджиевтер отбасы да тыс қалған жоқ.

Өмір бойы қара жұмыс жасап, базарда саудамен айналысқан еңбек ардагерлері Гаджиева Альбурн мен Гаджимова Фатимат денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс беруді жөн көрді. №241 референдум учаскесінің мүшелері арнайы жылжымалы жәшікпен барып, олардың дауысын қабылдады.

№241 референдум учаскесінің комиссия мүшесі Алма Сарсенқызының айтуынша, денсаулығына байланысты үйден дауыс беру үшін учаскеге бірнеше азаматтан өтініш түскен.

— Учаскеге денсаулығына байланысты 8 азаматтан өтініш түсті. Өтініштері бойынша үйлеріне барып, референдум жәшігін апарып, дауыс беруіне мүмкіндік жасап жатырмыз, – деді ол.

Гаджиевтер отбасы өтініштерінің ескерусіз қалмағанына қуанып, дауыс беруіне барлық жағдай жасалғанына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Еске сала кетейік, Атырау облысы бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 416 619 азамат алдын ала тізімдерге енгізілген. Оның ішінде 4 699-ы – мүгедектігі бар азаматтар.