Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Азғырда 205 шақырым электр желісі салынбақ

2026–2027 жылдары Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылдық округінде қуаты 110 кВ болатын жаңа жоғары кернеулі электр беру желісі салынады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қазіргі уақытта бұл шалғай ауылдар электр энергиясын Ресейден алып отыр.

Қосымша:

• Атырау қаласының сол жағалауында 162 шақырым жерасты электр беру желісі жаңғыртылады.
• Өңірде екі жаңа электр станциясы салынып жатыр: қуаты 280 МВт – HuaLin Energy Ltd компаниясы, 10 МВт – AA Energy LTD. Жалпы қуаттылық 290 МВт-қа артады.

Биыл сондай-ақ:

• Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында 42 шақырым жаңа электр желісі салынады.
• Жылыой ауданындағы Майкөмген ауылында электр желілері жаңғыртылады.
• Жанбай және Орлик ауылдарында қосалқы станциялар мен электр беру желілерінің жобасы әзірленіп жатыр.

Облысты газдандыру деңгейі – 99,9%. Биыл Атырау қаласының оң жағалауында автоматтандырылған газ тарату станциясының (сағатына 120 мың текше метр) және 46 шақырым магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар «Спутник» шағын ауданын газбен қамту жобасы да жүзеге асырылуда.