Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының оқушысы Жазира Кенесова наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинап, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бұл жетістік – оның табандылығының, еңбекқорлығының және жүйелі дайындық жүргізуінің нәтижесі. Сондай-ақ бұл – түлектің білімге деген жоғары жауапкершілігінің айқын көрінісі. Жазира тестілеуді «қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің комбинациясы бойынша тапсырып, үздік нәтиже көрсетті.