Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауға шақалақ ТЖД тікұшағымен жеткізілді

ТЖМ тікұшағы сәбиді шұғыл түрде Атырауға жеткізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Құрманғазы ауданында уақытпен нағыз күрес өрбіді. Жаңа туған сәбиге тек облыс орталығында көрсетілетін шұғыл әрі жоғары білікті медициналық көмек қажет болды. Қашықтық пен уақыт шешуші факторға айналды.

Көмекке ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы келді. Тікұшақ экипажы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге жедел түрде шалғай ауданға ұшып шықты.

Сәби анасымен бірге тікұшаққа мінгізіліп, қысқа уақыт ішінде Атырауға жеткізілді. «Әуе жедел жәрдемінің» арқасында бала қазір сала мамандарының бақылауында.