Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды ма?

Қала көшелеріндегі жолдың беткі жабындыларының бүліну фактілері жиілеп отыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Соның ішінде Асылбек Аубекеров көшесінде жүк көліктерінің жүруі салдарынан автомобиль жолының жабындысы бұзылып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты аталған көшеде 3.4 «Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» жол белгісі орнатылып отыр.

 

"2026 жылғы 28 наурыздан бастап Асылбек Аубекеров көшесі бойында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігіне сәйкес, аталған жол белгісінің талабын орындамаған жүк көліктеріне қатысты құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркеледі. Айта кету керек, бұл мақсатта «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылады. Осы ретте, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!" делінген ПД хабарламасында.

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ