Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда заңсыз кәсіпкерлік деректері анықталды

Атырау қаласында полиция қызметкерлері жүргізген профилактикалық іс-шаралар барысында бірқатар кәсіпкерлік нысандарда заң талаптарының сақталмай отырғаны анықталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Тексеру кезінде кейбір сауда орындарының тиісті рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны белгілі болды.

Аталған деректер бойынша заң талаптарын бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • - Кәсіпкерлік қызмет заң аясында жүзеге асырылуы тиіс. Заң талаптарын сақтау – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің негізгі кепілі. Әрбір кәсіпкер өз қызметіне жауапкершілікпен қарап, қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеп, белгіленген талаптарды қатаң сақтауы қажет,- дейді полицейлер.

Сонымен қатар профилактикалық жұмыстар барысында кәсіпкерлерге қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында ескертулер берілді.

Полиция басқармасы тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, құқықбұзушылыққа жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті бірге нығайтуға шақырады. Заңға бағыну – қауіпсіз қоғам мен тұрақты ортаның басты негізі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ