Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда хирург-дәрігер халықтан тегін ем үшін ақша алған

Атырауда заңсыз онлайн-казиноға қатысты 398 интернет-сілтеме бұғатталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Биыл Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз ойын бизнесіне, қаржы пирамидаларына және экономикалық құқықбұзушылықтарға қарсы жұмысты күшейтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департаменттің басқарма басшысы Бекболат Анесов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылғы жартыжылдықта өндірістегі қылмыстық істердің 50 пайызы аяқталып, 12 қылмыстық іс сотқа жолданған. Аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген 109,9 млн теңге шығынның 21,1 млн теңгесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өндірілген. 

– Есепті кезеңде МӘМС жүйесіндегі заңбұзушылыққа қатысты резонансты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Тергеу барысында хирург-дәрігердің тегін көрсетілуі тиіс медициналық қызметтер үшін пациенттерден заңсыз ақша алғаны анықталды. Күдікті 42 пациенттен 8 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген. Іс сотқа жолданды. Сонымен қатар заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл аясында «Кибербақылау» жүйесі арқылы онлайн-казинолар мен көлеңкелі ойын платформаларына апаратын 398 интернет-сілтеме, сондай-ақ қаржы пирамидаларына қатысты 45 интернет-сілтеме бұғатталды, – деді Бекболат Анесов.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына жүргізілген цифрлық талдау нәтижесінде шекті сауда үстемеақысын 15 пайыздан негізсіз асырған 10-нан астам ірі өнім жеткізуші анықталған. Тексеру барысында кәсіпкерлердің бірі балабақшаға күріштің бір келісін 21 мың теңгеден жеткізгені белгілі болды. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, тиісті шара қабылданып жатыр.

Сәуле МАҒАУ