Атырау – Астрахань тас жолында бекіре тұқымдас балықтар тиелген көлік ұсталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
1 сәуір мен 31 мамыр аралығында өтіп жатқан «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 4 сәуір күні шамамен сағат 23:30-да Исатай ауылы маңында патрульдік қызмет ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан бекіре тұқымдас 5 балық анықталды. Жүргізуші мен автокөлік Исатай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырылды.