1 қазаннан бастап Атырау тұрғындары үшін электр энергиясының тарифі 22,29 теңгеден 28,98 теңгеге дейін, яғни шамамен 30%-ға өсуі мүмкін, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жаңа тариф жобасын «Атырау Жарық» ЖШС ұсынды. ҚҚС-сыз электр энергиясының құнын 36,61 теңгеден 47,52 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.
Компания тарифтің өсуін электр энергиясын сатып алу және беру шығындарының артуымен түсіндіреді. Сонымен қатар ірі тұтынушылардың, соның ішінде «Эмбамунайгаздың», көтерме нарыққа ауысуына байланысты электр энергиясын сату көлемі 142 млн кВт·сағаттан астам төмендеген.
Жаңа тарифке бұған дейінгі кезеңдердегі шығындарды өтеу де енгізілген. Оның көлемі 4,5 млрд теңгеден асады.
Егер тариф жобасы мақұлданса, жаңа тариф 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ