Атырауда мәдениет және шығармашылық орталығының құрылысы толық аяқталып, жақын арада пайдалануға беріледі, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жоба Атырау қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарын «БатысСтройСервис» ЖШС жүргізді. ӨКҚ мәліметіне сүйенсек, жаңа орталық төрт қабатты заманауи ғимаратта орналасқан. Мұнда жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, түрлі мәдени және білім беру жобаларын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
— Орталықта 80 орындық үлкен зал, 32 орындық кіші зал, 19 орындық конференц-зал, 5 жаттығу кабинеті, сондай-ақ шығармашылық және оқу бөлмелері бар, — деді қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов.
Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары алдағы уақытта орталықта түрлі мәдени іс-шаралар, кездесулер, шеберлік сабақтары мен білім беру жобаларын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.