BINOM мектебінде сегізінші сынып оқушысына жасалған шабуылдан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атыраудағы BINOM мектебінде тоғызыншы сынып оқушысының сегізінші сынып оқушысына шабуыл жасауынан кейін мектеп басшылығы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Қазіргі уақытта білім беру мекемесінде Астанадан келген комиссия құзырлы органдардың қатысуымен жұмыс істеп жатыр, ішкі тексеріс жүргізілуде, сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын атқаруда.
– Қазіргі таңда мектепте 211 бейнебақылау камерасы орнатылған, «жасырын аймақтар» жоқ — ауламен қоса бүкіл аумақ толық қамтылған. Сонымен қатар, қосымша бақылау үшін кіреберістерге орнатылатын металл іздегіш құралдарды сатып алу туралы шешім қабылданды, – деді «BINOM Атырау» ЖШС директорының міндетін атқарушы Өнербек Ерғалиев.
Фото: ru.freepik.com