Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 30 млн теңгенің ісіне нүкте қойылды

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Рано Нигметованың ісін қайта қарап, қорғаушы тараптың шағымдарын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Гүл композицияларына қатысты эпизод бойынша қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан, іс тоқтатылды. Осы эпизод бойынша Рано Нигметова кінәсіз деп танылды.

Ал екінші эпизод бойынша кассациялық инстанция қорғаушы тараптың уәждерімен келіспеді. Нәтижесінде сот үкімі өзгертіліп, Нигметова айыптардың бір бөлігі бойынша ақталды, ал оған тағайындалған жаза мерзімі қысқартылды.

Еске салсақ, бұған дейін бірінші сатыдағы сот оны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Апелляциялық сот алқасы үкімді айтарлықтай өзгеріссіз қалдырғаннан кейін, әйел Алмагүл шағын ауданындағы жалпы режимдегі әйелдер колониясына этапталған еді.

Қылмыстық іс ер адамға салған 30 млн 250 мың теңге қаражатын екі еселеп қайтарып беруге уәде бергенімен, тергеу деректеріне сәйкес, бұл қаражаттың қайтарылмауына байланысты қозғалған. Сонымен қатар іс материалдарында құны 4,7 млн теңгеден асатын гүл композицияларының тапсырыстары да көрсетілген, олардың ақысы төленбегені айтылған.

Кассациялық соттың шешімінен кейін Нигметованың жазаның қалған бөлігін жеңілірек жаза түріне ауыстыру туралы өтініш беру құқығы пайда болды. Сондай-ақ жақын уақытта шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы да өтініш жасауына мүмкіндік бар.