Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 17 кәсіпорын жауапқа тартылды

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау - прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Кәсіпорындардың өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруын қамтамасыз ету мақсатында талдау жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан өз қаражаты есебінен сақтандыруға міндетті.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, ағымдағы жылы қалада өндірісте 28 жазатайым оқиға тіркелген.

Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша анықталған барлық заң бұзушылықтар жойылды.

Еңбекшілердің құқықтарын қорғау мақсатында жұмыс берушілер 3 мыңнан астам қызметкермен міндетті сақтандыру шарттарын жасасты.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін 17 кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша 600-ден астам педагогтің іссапар шығындары бойынша берешегі өтеліп, 65 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Сәуле МАҒАУ