Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Атырау – Индер» тасжолы қашан ашылады?

«Атырау – Индер» тасжолы бойындағы қозғалыс жаздың соңына дейін ашылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Атырау – Индер» автожолының (0–10 км) және Жастар көшесінің қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Қазіргі уақытта жұмыстарды «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС жүргізіп жатыр: 20-дан астам арнайы техника мен екі жұмыс бригадасы тартылған.

Қайта жаңғырту кезең-кезеңімен, 2019 жылдан бері жүргізілуде. Жалпы 10 шақырымның 6,4 шақырымы жаңартылып болды. Қалған 3,6 шақырымды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, ал қозғалысты жаздың соңына қарай ашу көзделіп отыр.

Әкімнің айтуынша, Атырау қаласына кіреберістердің барлығы болашақтағы қала дамуын, соның ішінде Талғайран шағын ауданын ескере отырып, төрт жолақты стандартқа келтіріледі.

Сондай-ақ, «Атырау – Астрахань» тасжолы қазірдің өзінде 4 жолаққа дейін кеңейтілген. Осындай жобалар Атырау – Доссор және Атырау – Орал бағыттарында да дайындалуда. Нәтижесінде, қалаға кіретін негізгі жолдардың барлығы төрт жолақты болады — бұл көлік қатынасын жақсартып, жолдағы жүктемені азайтады.