«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Жанаділ Мұратуллин «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры болып тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ризабек Даулетов таныстырды. Кездесу барысында ол тағайындау туралы бұйрықты оқып, Жанаділ Мұратуллинге жаңа қызметінде табыс пен нәтижелі жұмыс тіледі.
«Ақжайық» резерватының ұжымы да жаңа директорды құттықтап, оған табыс, тиімді жұмыс және барлық бастамаларында сәттілік тіледі.