Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жылыой ауданында гидрошлюз құрылысы аяқталды

Атырау облысында Жем өзеніндегі гидрошлюз құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Енді екі жыл бұрын су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласы бағытындағы су ағыны реттелетін болады.

Нысан 100% дайын:
— биіктігі: 3,5 метр
— ұзындығы: 125 метр
— су өткізу қабілеті: секундына 6 текше метрге дейін

Су тасқыны кезінде су қоймада жиналып, кейін реттеліп жіберіледі — бұл су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өңірде:
• Жем және Құрсай өзендерінің арналары 95 км-ге тереңдетілді
• 54 км қорғаныс бөгеттері салынды
• ауылдарда қосымша гидрошлюздер орнатылды

Су тасқынына қарсы шараларға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.

Мамандардың мәліметінше, қазіргі су деңгейі былтырғыдан төмен:
157 см, ал өткен жылы осы кезеңде 260 см болған.

Дегенмен қауіп әлі де сақталады — таулы аймақтарда қар толық ерімеген, негізгі су ағыны сол жақтан күтіледі.

Өңірде төтенше жағдайларға дайын:
— 1700 адам
— 466 техника бірлігі
— шамамен 300 қайық пен мотопомпа
— 3 тікұшақ

Жағдай тәулік бойы бақылауда: 15 гидробекеттен алынған деректер әр 4 сағат сайын жаңартылып отырады.